Петропавлда алғашқы революционердің бірі Анастасия Прокопичеваның ескерткіші жанындағы саябақ жиналды. Шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Игі іске жергілікті белсенділер мен Гуманитарлық-техникалық колледждің студенттері қатысты. Айта кету керек ескерткіш Н.Погодин атындағы ғимараттың артында орналасқан. Жастар белсенді жұмыс істеді. Аумақты тез арада жинап шықты.
«Қоғамдық даму және ақпарат орталығының мамандары Петропавл қаласының белсенді жастары мен студенттерді біріктірді. Мұндай шара жиі өтіп тұрады. Бұл – «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы жұмысымыздың жалғасы. Біз көпшілікке қоқыс тастамау мәдениетімен қатар, тұрып жатқан үйімізге, тарихымызға және мәдениетіне қамқорлық жасау түсінігін қалыптастыруымыз керек», — деді СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы Олеся Рыбаконова.
Петропавлда осындай экологиялық акция жалғасады. Келесі аптада еріктілер 314-атқыштар дивизиясының жауынгерлеріне арналған ескерткіш маңын жинамақ.
Тағы оқыңыз: Қозыбаев университетінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 170-ке жуық жастың басын қосқан хакатон өтіп жатыр

