Қазақстанда футболдан ел кубогының 1/8 финалы ойындары өтіп жатыр. Бәсі биік додада «Қызылжар» ФК павлодарлық «Ертістен» басым түсіп, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Алаңның әр бұрышында допқа талас жүргізілді. Әдемі пастар мен комбинациялар матчтың көркін қыздырды. Ойынның 23-ші және 58-ші минутында гол соққан орталық қорғаушылар Демият Сламбеков пен Пламен Галабов теріскейлік командаға жеңіс әкелді.
«Қызылжар» ФК келесі ойынын өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпеске» қарсы өткізеді. Ойын 2 мамыр күні сағат — 15:00-де басталады.
Тағы оқыңыз: Петропавлда жастар Анастасия Прокопичеваның ескерткіші жанындағы саябақты жинады

