СҚО-да ішімдік ішіп алып, рөл тізгіндейтін жүргізушілердің саны азаймай тұр. Жауапсыз жандардың кесірінен облыста бір адам қаза тауып, 10 адам жарақат алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысында масаң күйде көлік басқарған жүргізушілердің кінәсінен бір адам қаза тауып, 10 адам жарақат алды. Осындай фактілердің алдын алу үшін полицейлер жүйелі жұмыс жүргізуде. Шыны керек, әлі күнге дейін бірқатар жүргізушілер спирттік ішімдік ішкеннен кейін рөлге отырады. Мұндай жағдайлар аудандарда да, көлік қозғалысы қарқынды облыс орталығында да кездеседі.

Мәселен, Петропавлдағы Н.Назарбаев көшесінде «Chery» автокөлігін басқарған 44 жастағы Петропавл тұрғыны тоқтатылды. Жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрды. Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті. Бұл факт патрульдік полиция қызметкерінің бейнежетонына жазылып алынды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал жиналды.

«Мұндай жағдайлар аз емес. Жыл басынан бері облыста көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін 477 адам жауапкершілікке тартылды. Яғни өңірде күн сайын орта есеппен кемінде үш жүргізуші масаң күйде жолға шығып, өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да энергетиктер ағаш отырғызды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *