Биыл Петропавл екінші жылу электр орталығының салынғанына 65 жыл толады. Осыған орай «СЕВКАЗЭНЕРГО» компаниясының ұжымы қаланың «Ойқала» ықшам ауданына 250 түп ағаш отырғызды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Энергетиктер Ойқала ықшам ауданындағы Потанин мен Демиденко көшелеріндегі саябақтарға 250 түп қарағай мен терек көшеттерін отырғызды. Аталған ағаштар арнайы таңдалған. Эколог мамандардың айтуынша, кәдімгі қарағай мен пирамида тәрізді терек өте тез жерсінеді, жылдам өседі. Сонымен қатар, жаз айында мамық бөлмейді және ауаны жақсы тазартады.

Кәсіпорынның экологиялық қызметі көшеттерді өз бақылауына алып, тұрақты түрде суарылып тұруын қадағалайды. Айта кету керек, шара компанияның аудандық желілерінде де өткізілді.

«20-шы шілде күні Петропавл екінші жылу электр орталығы 65 жылдық мерейтойын атап өтеді. Айтулы дата қарсаңында біз Энергетиктер аллеясын ашуды жөн көрдік. Біздің компания экологиялық бастамаларды белсенді қолдайды. Бұл бірреттік акция емес. Қазір 250 тал ексек, алдағы уақытта көрсеткішті 600-ге жеткізуді көздеп отырмыз. Сонымен қатар, осы жыл ішінде Есіл өзенінің су арналарын пластик қоқыстан тазартып, Белое көліне балық жіберуді жоспарлап қойдық», — деді «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский.

Тағы оқыңыз: «Vlll Халық спорты ойындарында» СҚО намысын 93 спортшы қорғайды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *