Солтүстік Қазақстанда 46 жастағы ер адам қызметтік көліктің ішінде учаскелік полиция инспекторына шабуыл жасады. Оқиға 26 шілдеде болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Полиция мәліметінше, тәртіп сақшылары мас күйдегі құқық бұзушыны медициналық куәландыруға алып бара жатқан. Жолда ол қызметтік автокөліктің ішінде учаскелік инспекторға шабуыл жасап, салдарынан полиция қызметкері кесілген жарақат алған. Оқиғадан кейін 46 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жарақат алған учаскелік инспекторға қажетті медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі уақытта ол толық сауығып, қызметіне қайта кірісті.

«Қазіргі уақытта қажетті медициналық көмек алып, толық қалпына келгеннен кейін учаскелік инспектор қызметін атқарып жүр. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», — деп хабарлады полиция.

Тағы оқыңыз: Грант иегерлері тапсыруы тиіс құжаттар

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *