СҚО-да бірыңғай бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараға 800-ге жуық адам өтінішпен келген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бірыңғай бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 30-дан астам кәсіпорын мен мекеме өкілдері қатысты. Ауқымды шара бір күнде облыс орталығынымен қатар 13 ауданда ұйымдастырылып, оған 800-ге жуық адамды қамтыды.

«Іс-шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз — жастарды жұмыспен қамтуға көмектесу және оларға кәсіби бағыт-бағдар беру. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан кеңес ала алады. Сонымен қатар, тренингтер мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпарат ұсынылады», — СҚО жастар ресурстық орталығының нұсқаушысы Айнұр Сәрсенбаева.

Шарада өндіріс пен энергетика саласына ерекше сұраныс болды. Жәрмеңкеде ұсынылған бос жұмыс орындар қатарында осы бағыттағы вакансиялар көп болды. Өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі — «СевКазЭнерго» компаниясы да кадр іздеп отыр.

«Қазір кәсіпорынға инженерлік-техникалық бағыттағы мамандар қажет. Негізгі сұраныс — энергетиктер, электрослесарьлар және жылу техниктері. Сонымен қатар, тәжірибесі жоқ мамандарды да жұмысқа қабылдаймыз. Оларды арнайы оқыту жүйесі аясында дайындап аламыз», — деді «СевКазЭнерго» АҚ оқыту және дамыту жөніндегі бас менеджер Елена Кириятова.

Тағы оқыңыз: Абылай ханның ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *