Петропавлда қазақ тарихында ойып тұрып орын алатын тұлға Абылай ханның 315 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Мерекелік шаралар данқты қолбасшының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Салтанатты рәсімге еліміздің түкпір-түкпірінен белгілі академиктер шақырылған. Мерекелік шараға Абылай ханның сегізінші ұрпағы Әлия Нұғман арнайы келген. Азаматшаның сөзінше, бабасы қазақ халқы қиын кезеңді бастан кешіріп жатқан кезде басшы болған. Тіпті, әлем бетінен жоғалып кету қаупі жоғары еді.
18-ғасырда кең даламыз қанға боялды. Жоңғарлар еш ескертусіз жерімізге басып кірді. Сонымен қатар, бізді естектер мен казактар да шапқан. Алмағайып заманда ұлы тұлға үш жүздің басын қосты, күш жинады, барлық жауды бірінен соң бірін даламыздан қуып шықты.
«Абылай ханның ұрпағы болу мен үшін абырой, сонымен қатар, зор жауапкершілік. Абылай хан менің ғана емес, бар қазақтың атасы», — деді Әлия Шерниязқызы.
Тағы оқыңыз: СҚО-да қауіпті маневр жасаған жүргізуші жауапкершілікке тартылды

