23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы күні Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктер жаңбыр, найзағай, кей аудандарда қатты жауын мен бұршақ болжап отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Сайлау күні облыс аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз өңірдің батысы мен оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігін тұман басады.

Жел солтүстіктен және солтүстік-шығыстан соғады. Оның жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды. Ал облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ауа температурасы түнде +10…+15 градус болса, күндіз +18…+23 градус шамасында болады. Осылайша, 23 тамызда сайлау учаскесіне барарда тұрғындарға ауа райын ескеріп, қолшатыр алып шыққан жөн. Әсіресе қатты жаңбыр, найзағай мен екпінді жел болжанған аудандарда сақ болған дұрыс.

Тағы оқыңыз: Қазақ халқы тамызда күздің қандай белгілерін байқаған?

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *