Бір айдың ішінде облыста есірткіге қарсы 170-ке жуық түрлі іс-шара ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына жол бермеу, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
 
СҚО-да бір ай бойы нашақорлыққа қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды. Белсенділер тұрғындармен тілдесті, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, наркограффитилер жойылды.

Демалыс күндері акцияның қорытындысы жарияланып, салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқан еріктілер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдепі маратталды. Сонымен қатар шарада, білім беру, денсаулық сақтау салаларының өкілдері де құрметке бөленді. Оларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

«Жыл басынан облыста 120-дан астам есірткі қылмысы анықталды. Оның 35 пайызы зиянды затты сатуға қатысты. Заңсыз айналымнан 20 келіден астам есірткі тәркіленді», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда полицейлер түнгі клубта жүрген 17 жасар қызды анықтады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *