Петропавлда полицейлер түнде клубта жүрген 17 жасар қызды анықтады. Аталған дерек бойынша кәмелетке толмаған жастың заңды өкілдері мен мекеменің әкімшісі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері жазғы демалыс кезінде түнгі рейдтерді тұрақты түрде өткізеді. Сондай шаралардың бірі демалыс күндері ұйымдастырылды. Тәртіп сақшылары ойын-сауық орталықтары мен түнгі көңіл көтеру орындарын аралады.

Тексеру жұмыстары кезінде полиция қызметкерлері түнде клубта жүрген 17 жасар қызды анықтады. Аталған дерек бойынша қыздың заңды өкілдері мен ойын-сауық мекемесінің әкімшісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
 

«Жыл басынан бері Петропавлда түнгі ойын-сауық орындарынан 16 жасөспірім анықталды. Ата-аналардан балаларын түнгі 22:00-ден кейін қараусыз ешқайда жібермеуін сұраймыз», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Алкогольге тәуелділік – дер кезінде емделуді қажет ететін дерт

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *