мәңгілік алау

Биыл Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 78 жыл толып отыр. Отан үшін кеудесін оққа тосып, қасық қаны қалғанша шайқасқан жауынгерлерімізді еске алу үшін Петропавлдағы Мәңгілік алау маңына жиналған солтүстікқазақстандықтардың қарасы қалың болды. Өңір жетекшісі Айдарбек Сапаров көпшілікпен бірге майдан даласында қаза тапқан батыр бабалардың рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.  майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Соғыс жылдары Қазақстаннан кеңес әскерінің қатарына 1 млн 200 мың қазақстандық шақыртылған. Оның 92 мыңнан астамы солтүстікқазақстандықтар.  Майдан даласынан солардың тең жартысы қайтып оралмады. Тағы 45 мыңы хабар-ошарсыз кетті. Өңірден сұм соғысқа  аттанған 56 жауынгер Ұлы Отан соғысының батыры, 11-і Даңқ орденінің кавалері атанды. Өкініштісі сол, жыл санап біздерге бейбіт күн сыйлаған жандардың қатары сиреп барады. Биыл Жеңіс күнін 7 соғыс ардагері ғана қарсы алды. Солардың бірі – Иван Клименко. Ол әскер қатарына 1944 жылы шақырылып, Қиыр Шығыстағы ұрыстарға қатысқан. Иван Трофимович екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, “Германияны жеңгені үшін” және “Жапонияны жеңгені үшін” медальдарымен марапатталған.

мәңгілік алау

«Өскелең ұрпаққа айтарым еліміздің патриоты болыңдар. Ата-баба үмітін ақтап, елімізді қорғаңдар. Отанымыздың жарқын болашағы сендердің қолдарыңда. Еліміз аман болсын. Мереке құтты болсын», – дейді ҰОС ардагері Иван Клименко.

Тағы оқыңыз: СҚО-да алапат өрттен 9 үй жанып кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x