Жеңіс саябағы

Петропавлдағы Жеңіс саябағында да мерекелік іс-шаралар өтті. Бұл жерге мыңдаған солтүстікқазақстандық жиналып жауынгерлер рухына тағзым етті. Көппен бірге жеңіс жауынгерлеріне облыс әкімі Айдарбек Сапаров та құрмет көрсетіп, ескерткішке гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Qazastan Media тілшісі.

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп, жаумен шайқасқан батыр жауынгерлерді еске алуға арналған шаралар Жеңіс саябағында да ұйымдастырылды. Қан майданда қаза болған жерлестерімізді өңір жетекшісі Айдарбек Сапаров бастаған көпшілік бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Жеңіс саябағы

Ұлы Жеңісті жақындатуға тыл еңбеккерлерінің де қосқан үлесі зор. Ер азаматтар майдан даласында жаумен арпалысса, елде қалған әйелдер, балалар мен қарт адамдар олардың орнын басып еңбек етті. Барлығының көздегені бір болатын. Ол – елде бейбіт заман орнату. Осындай қайғы-қасіретпен келген жеңіс  өскелең ұрпақтың жадында мәңгі сақталары хақ.  

«Мен Әбу Досмұхамбетовтың жиенімін. Менің әкем оның туған інісі. Ағам соғысқа кеткен кезде әкем небәрі 4-те болған. Ағамыз Чернобыльде қаза болған. Қазіргі таңда сол жақта оның құрметіне бюст орнатылған. Әкем тірі кезінде онда бірнеше рет барып келген еді. Батыр жауынгерлеріміздің ерлігін ешкім, ешқашан ұмытпайды», – дейді Әбу Досмұхамбетовтің жиені Гүлнәр Бәшімова.

Жеңіс саябағы

Сондай-ақ бұл күні Жеңіс саябағында концерт ұйымдастырылды. Өңір өнерпаздары әскери патриоттық әндер орындап, би биледі, көріністер көрсетті.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандықтар «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қойды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x