[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/1-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Петропавлдық Варвара Глухова наурыздың 1 мен 3-і аралығында Ресейдің Кемерово қаласында өткен «Азия балалары-2023» II қысқы ойындарында алтыннан алқа тақты. Конькимен жүгіруден бағын сынаған 14 жастағы жерлесіміздің бұл алғашқы халықаралық додасы, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Варвара Глухова конькимен жүгіру спортымен 10 жылдан бері айналысып келеді. Бұған дейін де түрлі жарыстарда СҚО-ның намысын қорғаған бойжеткен Кемеровода өткен чемпионатқа 4 айға жуық уақыт бойы қызу дайындалған. Жаттығудың басым бөлігі Астана қаласында өткен. Дүбірлі додада Варвара 4 минут 58 секундта 3 мың метрді конькимен жүгіріп өтті. Бұл көрсеткіш қыздың жеке рекорды. Осылайша, қарсыларстарынан басым түсіп, халықаралық аренада алтыннан алқа тақты.

«Жалпы Қазақстаннан жарысқа 10 спортшы бардық. 5 ұл және 5 қыз. Алғашында топтық жүгіру болды. Ол жерде өкінішке орай тек 5 орыннан көріндік. Алайда жеке жүгіруде жақсы нәтиже көрсетіп, алтынды жеңіп алдым. Қуанышымда шек болмады. Жаттықтырушымды құшақтап, жылап жібердім. Кейін анама хабарласып қуанышыммен бөлістім», — дейді Варвара Глухова.

Жалпы байрақты бәсекеде Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения және Қазақстан сынды мемлекеттерден 14-15 жас аралығыныдағы жас спортшылар бақ сынады. Варвара Глухованың жаттықтырушысы Ольга Ихтендристің сөзінше, қарсыластар жақсы дайындықпен келген. Алайда Варвара бар күш-жігерін қолына жинап, бірінші орынға табан тіреді.

«Варвараны жаттықтырып жүргеніме 3-4 жыл болды. Өте пысық спортшы. Әрине, конькимен жүгіруді таңдаған баланың денесі шымыр, іс-қимылы шапшаң болуы тиіс. Дегенмен ең алдымен конькидің өзін мұзда сырғаната білу қажет. Варвара болса, дәл осындай талантты қыз. Болашақта бағындырар асулары көп боларына сенімдімін», — дейді Варвараның жаттықтырушысы Ольга Ихтендрис.

Енді Варвара Глухова 2024-ші жылы Корея елінде өтетін жастар олимпиадасына қатыспақ.

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/2.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x