Солтүстікқазақстандық кәсіпкер «Парыз» сыйлығын иеленді

Солтүстік Қазақстандағы «Новомихайловское-2003» ЖШС «Парыз» сыйлығын иеленді. Кәсіпорын «Үздік ұжымдық шарт» номинациясында жеңіске жеткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Астанада жыл сайын өткізілетін байқауға қатысу үшін биыл 492 ұйым өтінім берген. Оның 161 ірі кәсіпкерлік, 331 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында 250 өтінім, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында – 87 өтінім, «Үздік ұжымдық шарт» номинациясында – 67 өтінім, «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында – 48 өтінім, 2020 жылдан бастап тағайындалған «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығымен марапаттауға 40 өтінім түсті.

Орталық мемлекеттік органның басшыларынан, ҚР Парламенті депутаттарынан, бизнес және кәсіби одақтардың өкілдерінен құрылған комиссия құрамы республикалық конкурстың нәтижесін келесідей анықтады: екі санат бойынша 2 Гран-при, 26 лауреат атағы (оның 24-і – екі санатта төрт номинация бойынша үш жүлделі орын, қалған 2-і «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы премиясының иегерлері).

ЭКСПО конгресс-орталығында өткен іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдар мен республика кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында бас жүлдені Абай облысының ««Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС алды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің ішіндегі ең үздігі Қызылорда облысының «Абай Дәулет» ЖШС болып анықталды. 

Солтүстікқазақстандық кәсіпкер «Парыз» сыйлығын иеленді
Солтүстікқазақстандық кәсіпкер «Парыз» сыйлығын иеленді

«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында Атырау облысының «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ, Қарағанды облысының «Nova Цинк» ЖШС және Алматы қаласының «Кока-Кола Алматы Боттлерс Бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» лауреат атанды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің арасында Қостанай облысының «Тұрар» ЖШС, Ақтөбе «Ақбөбек» оңалту орталығы» ЖШС және Қарағанды облысының «Шахтерское» ЖШС бар.

«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында: Астана қаласының «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС, Ақтөбе облысының «Сагиз Петролеум Компани» ЖШС және Ақмола облысының «Журавлевка-1» ЖШС лауреат атанды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің арасында Шығыс Қазақстан облысының «Выдрихинское» ЖШС, Абай облысының «Семей монтаж фирмасы-Имсталькон» ЖШС және Павлодар облысының «Победа» ЖШС жеңімпаз атанды.

Солтүстікқазақстандық кәсіпкер «Парыз» сыйлығын иеленді
Солтүстікқазақстандық кәсіпкер «Парыз» сыйлығын иеленді

«Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында Батыс Қазақстан облысының «Орал трансформаторлық зауыты» ЖШС, Астана қаласының «DAR RAIL» ЖШС және Ақмола облысының «RG Gold» ЖШС лауреат атанды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің арасында Маңғыстау облысының «ТрубРемЦентр» ЖШС, Солтүстік Қазақстан облысының «Новомихайловское-2003» ЖШС және Ақмола облысының «Аджар и К» ЖШС марапатталды.

«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында Батыс Қазақстан облысының «QHSE-Akbarys» ЖШС, Ұлытау облысының «Adal Enbek KZ» ЖШС және Түркістан облысының «КАТКО» Қазақстан-Франциялық бірлескен кәсіпшілігі» ЖШС үздіктер қатарынан көрінді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің арасында Жамбыл облысының «М-КАТ ГРИН» ЖШС, Шығыс Қазақстан облысының «OstFish» ЖШС және Қостанай облысының «EcoLabRecycling» ЖШС лауреат атанды.

«Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығын Шығыс Қазақстан облысының «Казцинк» ЖШС ірі кәсіпкерлік субъектісі және Павлодар облысының «Галицкое» ЖШС шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санатының өкілдері иеленді.

Байқау жеңімпаздарына тиісті дипломдар мен айрықша белгілер (статуэткалар) табыс етілді. Сондай-ақ, лауреаттарға конкурс эмблемасын жарнамалық мақсатта осы атақ берілген күннен бастап үш жыл ішінде пайдалану құқығы беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылдан бері «Парыз» байқауына 6893 кәсіпкерлік субъектісі қатысып, 393 кәсіпорын лауреат атағына ие болды.

Тағы оқыңыз: СҚО-ға жеткізілген 28 мың доза вакцина аудандарға таратылды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x