СҚО-ға жеткізілген 28 мың доза вакцина аудандарға таратылған

СҚО-да соңғы бес күнде 25 адам қызылша жұқтырған. Олардың дені балалар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Былтыр өңірде індет жұқтырғандар тіркелмеген. Ал биыл 132 жағдай расталды. Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының айтуынша, науқастардың көбі вакцина алмаған.

“Облыста қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау барысында 6459 балаға екпе қойылды. Медицина қызметкерлерінің 917-сі вакцина салдырды.
2023 жылдың наурыз айынан бастап қызылшаға қарсы иммундауды толықтыру барысында бұрын вакцинацияланбаған, вакцинация мәртебесі белгісіз және бас тартқан 5239 адамның ішінен 18 жасқа дейінгі балалардың 2355-і немесе 44,4%-ы егілді”, – деп хабарлайды облыстық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары.

Бүгіндері инфекциялық ауруханада 33 науқас жатыр. Облыс бойынша 265 вакцина салу орны жұмыс істейді. Оның жүзге жуығы жылжымалы. Олар медициналық пункті жоқ шалғай ауылдарға қатынайды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірге қызылшаға қарсы қосымша 28 мың доза вакцина жеткізілген. Олар аудандық ауруханаларға таратылды.

Тағы оқыңыз:  СҚО-да жылу желілерін жаңарту бойынша жол картасы жасалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x