Елімізде желтоқсан айының үшінші жексенбісінде энергетиктер күні аталып өтеді. Осыған орай СҚО әкімі сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға марапаттар табыс етті, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Елімізде желтоқсанның әр үшінші жексенбісінде энергетиктер күні тойланады. Сондықтан бүгін өңірімізді жарық және жылумен қамтамасыз етіп отырған жандар құттықтау қабылдады.

«Энергетика саласы үлкен жауапкершілікті талап ететін салалардың бірі. Сіздердің әрқайсыларыңыздың еңбектеріңіз өлшеусіз. Биыл көктемгі су тасқыны кезінде сала мамандары жылдам әрекет етіп, өздерінің кәсібилігін тағы бір дәлелдеді. Бүгіндері салада ауқымды жобалар қолға алынып, бірқатар желілерге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғасын табуы тиіс. Сондай-ақ жас мамандар толқынын дайындайтын кез келді. Өйткені, қазіргі күні кадр жетіспеушілігі байқалады. Осы мәселеге көңіл бөлу керек. Сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттақтаймын», — деді сала қызметкерлерін құттықтаған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбаетов.

Солтүстік Қазақстанда үздік энергетиктер марапатталды

Бұл күні бірқатар сала қызметкерлері облыс әкімінің қолынан медаль, грамота және алғыс хаттар алды. Ал «Көкшетау Энерго» ЖШС қарайтын Ақжар және Тайынша аудандық электр желілеріне жаңа манипулятордың кілті сыйланды.

Солтүстік Қазақстанда үздік энергетиктер марапатталды

Былтыр қараша айында табиғи апаттың салдарынан жүздеген ауыл электр жарығынсыз қалған кезде апаттық бригадалар жедел жұмыс істеп, өз міндеттерін жақсы атқарды. Биылғы көктем де энергетиктер үшін үлкен сынақ болды. Су тасқыны кезінде олар саланың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, инфрақұрылымды қалыпқа келтірді. Сол қиын кезеңде күні-түні жұмыс істеген жандардың бірі – Алексей Семенюк.

«Су тасқыны кезінде 10 күн бойы күні-түні жұмыста болдық. Бір-екі сағат ұйықтап, қайтадан жұмыс істейтінбіз. Сол кезде ең бастысы «Қызылжар су» ЖШС бірінші сорғы станциясын қалыпқа келтіру керек болды. Қиын болғанымен тәжірибе жинақтадық», — дейді Солтүстік Қазақстан ЭЖТК» АҚ қалалық электр желілері басқармасының бас инженері Алексей Семенюк.

Бүгін ол Энергетика министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Солтүстік Қазақстанда үздік энергетиктер марапатталды

Тағы оқыңыз: СҚО-да балаларға арналған амбулаторлық оңалту орталығы ашылды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *