Шал ақын ауданында «Қамқор» қайырымдылық акциясы өтуде

Ақпан айынан бері Шал ақын ауданында «Қамқор» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр. Жанашыр жандар жалғызілікті қарияларға, мүгедектігі бар тұрғындарға көмек қолын созуда, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Акцияға ауданның белсенді жандары мен еріктілер қатысуда. Олар көмекке мұқтаж жандардың ауласын қардан тазартып, маңайды ретке келтіреді. Қажет болған жағдайда отын тасып, одан қала берді үй ішін жинасып, азық-түліктерін әкеліп береді.

«Аталған акцияның басты мақсаты – қарияларға, жалпы көмекті қажет ететін жандарға барынша қолдау көрсету. Бұдан бөлек, жастарды жақсылыққа тәрбиелеуді де негізге алдық. Қайырымдылық акциясы күнделікті тек Сергеевкада ғана емес, барлық ауылдарда да жүргізіледі», – дейді Шал ақын ауданының Жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Данияр Жәнібеков.

Акция барысында 45 қарияға көмек көрсетілді. Науқан аяқталса да, еріктілер әлі күнге дейін мұқтаж жандарға қол ұшын созуда.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x