СҚО жолдарында кейбір көлік түрлеріне шектеулер енгізіледі

Солтүстік Қазақстан облысында бір оське 8 тоннадан артық салмақ түсетін  көлік құралдарының жүруіне шектеу енгізіледі. Ол көктемгі су тасқыны кезеңінде жол жабынын сақтау мақсатында жасалып жатқан шара, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

«ҚР Көлік және коммуникация министрінің бұйрығына сәйкес, жыл  сайынғы шектеу енгізу мерзімдері бойынша    VI климаттық аймақта  2024 жылғы 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында, V климаттық аймақта  23 наурыз бен 1 мамыр аралығында қозғалысқа  уақытша шектеулер енгізіліп отыр», – деп хабарлады  «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ СҚОФ баспасөз қызметі.

Шектеу енгізілетін жолдар:

– М-51 «Челябі-Новосібір;

– М-36 РФ шекара(Екатеринбург бағыты) – Алматы қаласы;

– Р-49 Петропавл қаласын айналып өтетін жол;

– А-1 «Астана-Петропавл»;

– А-12 «Петропавл-Соколовка-РФ шекара» (Ишим қаласы бағыты);

– А-13 «Көкшетау-Кішкенекөл- Бидайық-РФ шекара» (Омбы бағыты);

– А-16 «Жезқазған- Петропавл»;

– А -21 «Мамлютка -Қостанай»;

– Р-11 «Көкшетау-Рузаевка»;

-Р-28 «Қарасай мен Ағынтай батыр мемориалдық кешеніне апаратын жол»;

– Р-58 «Булаево-Возвышенка- Молодогвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское»;

– Р- 59 «Рощинское-Корнеевка-Волошинка»;

– Р- 60 «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево»;

– Р- 61 «Тимирязево-Сарыкөл- облыс шекарасы»;

– Р- 62 «Петропавл аэропортына апаратын жол»;

– Р – 57 «Петерфельд -Архангельское- Новокаменка – «Жезқазған-Петропавл а/ж».

Аталған жолдарда «ҚАЖсервис» ЖШС уақытша жол белгілерін орнату жұмыстарын бастады. Жолдарда барлығы 147 белгі орнатылады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда өнегелі отбасыны таңдады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x