Қызылжар ауданында 15 ауылды су басу қаупі бар

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұханбетов Қызылжар ауданының көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді. Аталмыш ауданда 15 ауылды су басу қаупі бар екен. Онда екі мыңға жуық адам тұрады. Оның 332-сі бала, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгіндері Қызылжар ауданында су тасқынына қарсы іс-шаларадың жоспары бектілген. Апат айтып келмейді. Сондықтан төтенше жағдай бола қалса, мұнда адамдарды орналастыратын 13 эвакуациялық пункт бар. Тағы тұрғындарды тасымалдайтын 165 эвакуациялық және инженерлік техника дайын тұр.

«Еріген суды сору үшін 28 бірлік техника, оның ішінде 2 ассенизатор машинасы, 18 мотопомпа және 8 сорғы дайындалды. Наурыз айының басынан 102 мың текше метрден астам қар шығарылды. 258 су өткізгіш құбыр тазартылды. Сонымен қатар сіздің тапсырмаңыз бойынша аудан аумағында қарттарға, жалғыз тұратын адамдарға, мүгедектерге, халықтың әлеуметтік осал топтарына үй маңындағы аумақтарды қардан тазартуға көмек көрсетіліп жатыр. Айлық  жалғасуда. Мұндай 243 үй бар, оның 123-де шаруа аяқталды. Наурыз айының соңына дейін ұзындығы 3500 м су бұру арналарын тазарту жоспарланған, қазіргі уақытта 800 метр тазартылды», – деп баяндады Қызылжар ауданының әкімі Сақтаған Сәдуәқасов.

Тасқын суға қарсы шараларды тексеруге арнайы барған өңір жетекшісі Прибрежное ауылындағы орта мектепте ұйымдастырылған эвакуациялық пунктке де соқты. Сонымен қатар су сорғыш техникалардың дайындығын тексерді. Инертті материалдарды қаптап, дайындау қалай жүргізіліп жатқандығын да көріп қайтты.

«Инертті материалдарды көбірек қаптап қою керек. Себебі су тасқыны кенеттен келіп, лезде жайылып кетуі мүмкін. Сол кезде бірден іс-қимылға көшуіміз қажет. Қазір уақыт бар. Соны тиімді пайдаланыңыздар. Қапқа салынып тұрса, су келген кезде жылдам қимылдап қаламыз. Бұл жағдай жыл сайын қайталанады ғой. Су басу қауіпі бар елді мекендер тізімі жасалды. Сондықтан жағдайды бақылауда ұстап, дайындықты пысықтап отыру қажет. Төтенше жағдайға дайын болыңыздар», – деді облыс әкімі.

Қыстың басында жауған жаңбыр, одан қалды түскен қалың қар, осының барлығы кері әсерін тигізуі мүмкін. Дегенмен, синоптиктердің наурыз айына жасаған болжамы қуантып отыр дейді өңір жетекшсі.

«Казгидромет» мамандары наурыз айында күндіз жылы, түнде қатқақ болады деп отыр. Менің ойымша, бұл біз үшін жақсы. Күн жылынып, қар бірден ерісе, су басу қаупі еселене түседі  ғой. Сондықтан су тасқыны сәуір айында келеді деп болжап отармыз», -деді Ғауез Нұрмұханбетов.

Аймақ басшысының бұл сөзімен синоптиктер де келісіп отыр. Айтуыларынша, облыстағы ұсақ өзендердің суы сәуір айының алғашқы күндерінде, ал Сергеев су қоймасындағы су деңгейі сәуірдің ортасында көтеріледі. Сонымен қатар көктемнің алғашқы екі айында да жауын-шашын болады деп болжанып отыр.

Есіл және Қызылжар аудандарына Есіл өзені мен қырдан келетін қызыл су қауіп төндіріп отыр. 10-шы наурыздағы мәліметке сәйкес, қар жабыны 86-141 мм құраған. Бұл былтырғыдан екі есеге көп. Жер 148 см тереңдікке дейін қатыпты. Ал 2023 жылы 28 см ғана болған екен.

Тағы оқыңыз: СҚО жолдарында кейбір көлік түрлеріне шектеулер енгізіледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x