СҚО тұрғындары коммуналдық қызметтерге 110 млн теңге қарыз

Солтүстікқазақстандықтар коммуналдық қызметтерге 110 млн теңге қарыз екен. Бұл сома 3 ай ішінде жиналған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Energyprom.kz мониторинг агенттігі қазақстандықтардың коммуналдық қызметтерге қанша қарыз екендігін анықтаған. 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, үш айдан асатын тұтынушылық дебиторлық берешектің жалпы көлемі 61,2 млрд теңгені құрады. Оның 15,7 млрд теңгесі — халықтың, 45,6 млрд теңгесі — кәсіпорындардың қарызы.

Берешегі ең көп өңірлер қатарында Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Астана қаласы бар. Тізімде Солтүстік Қазақстан облысын да байқауға болады. Бірақ өңіріміз қарызы ең аз аймақтарға жатқызылған.  Солтүстікқазақстандықтар коммуналдық қызметтерге 110 млн теңге берешек болып қалған. Оның 45 млн-ын тұрғындар – жылу, 9,6 млн теңгесін – газ, 16,9 млн – электр энергиясы, 15,1 млн теңгесін су бұру, 23,5 млн теңгені – сумен қамтушы компанияларға беруі тиіс.

СҚО тұрғындары коммуналдық қызметтерге 110 млн теңге қарыз

Мемлекет коммуналды нысандарды жөндеуге қаржы іздеп жатқанда, жүйелі түрде қарызын төлемеушілер еліміздің коммуналдық саласының жұмысына нұқсан келтіруде. Ал еліміздегі коммуналдық инфрақұрылымның жағдайы онсыз да мүшкіл екені баршамызға аян.

Биыл көктемде ҚР президенті еліміздегі жылу электр станцияларының жартысынан көбіне қауіп төніп тұрғанын, кейбір қалалардағы тозу деңгейі 80%-дан асқанын атап өткен болатын. Республика бойынша жылу желілерінің орташа тозуы шамамен 54%-ды құраса, орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген 80 қалада бұл көрсеткіш 75%-дан 92%-ға дейін.

Тағы оқыңыз: СҚО дәрігерлері нейронавигация көмегімен 21 сәтті ота жасады

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x