СҚО мектептерінде ыстық тамақ 614 теңгеге дейін қымбаттады

Солтүстік Қазақстанда жаңа жылдан бастап мектеп асханаларында ыстық тамақ бағасы 20%-ға қымбаттатты. Қазір оның құны 614 теңге болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгіндері өңірдегі 443 білім ордасы ыстық тамақпен қамтылған. Солтүстікқазақстандық 37 410 бала тегін тамақтанып жүр.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап 1-4-ші сыныптың 26 587 оқушысы асханада тегін тамақтанады. Ол үшін жергілікті бюджеттен 2024 жылға деп 2,8 млрд теңге бөлінді.

«Биыл қаңтар айынан бастап мектеп асханаларындағы ыстық тамақтың бағасы 614 теңгеге көтерілді. Ол азық-түлік бағасының қымбаттауымен байланысты. Бұған дейін оқу ордаларында ыстық тамақ құны 500 теңге болды», – деді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Облыстық кардиологиялық орталықта жаңа ангиограф орнатылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x