СҚО-да жолдарды тексеру барысында 190 олқылық анықталды

Жол активтері сапасының ұлттық орталығының облыстық филиалы автожолдарда 434 рет тексеріс жүргізіп, 190 олқылықты анықтады. Оның тек 112-сі жойылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сонымен қатар жол-құрылыс материалдарының 1555 сынамасы алынды, оның 559-ы нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді екен. Елді мекендеріндегі және Петропавлдағы орташа жөндеуден өткен көшелерде 172 тексеру жүргізілді.

«Техника мен құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі, білікті мамандардың тапшылығы және құрылыс саласында тәжірибесі аз мердігер компаниялардың кесірінен жол жөндеу жұмыстары дұрыс атқарылмайды. Биыл шаруаны тиісінше орындамағандарға 1,5 млн  теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», – деді жол активтері сапасының ұлттық орталығы облыстық филиалының мамандары.

Тағы оқыңыз:Есіл ауданында үздік мәдениет мекемесі анықталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x