Үш облыста жол қозғалысы шектелді

Екпінді жел мен қатты жаңбыр салдарынан еліміздің үш өңірінде жол қозғалысы шектелді. Ауа райы дұрысталғанша 8 жол учаскесімен жүруге тыйым салынған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жолдардағы шектеулер туралы QazAvtoJol компаниясы жариялады.
«Ақмола облысында:
«Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» күре жолының Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
«Жақсы – Есіл – Бұзылық» жолының Жақсы ауылы мен Бұзылық ауылы арасы;
«Жезқазған – Петропавл» күре жолының СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін;
«Екатеринбург – Алматы» тасжолының СҚО шекарасынан Атбасар қаласына дейінгі аралығы.
Солтүстік Қазақстан облысында:
«Жезқазған – Петропавл» күре жолының Ақмола облысының шекарасынан Дружбинское ауылына дейін;
«Екатеринбург – Алматы» автожолының Чистополье ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығы.
Қостанай облысында:
«Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» күре жолының Әулиекөл ауылынан Ақмола
«Жезқазған – Петропавл» тасжолының Арқалық қаласы мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығы.
Жол бойындағы жұмыстарға 170 арнайы техника мен 240 маман жұмылдырылды» -делінген компания хабарламасында.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жолдарды тексеру барысында 190 олқылық анықталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x