СҚО-да жолдарды қардан дұрыс тазаламаған компанияның қызметкерлері жұмыстан қуылды

Солтүстік Қазақстан облысының көлік прокуратурасы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Қажсервис» ЖШС аумақтық филиалдарында қар жинайтын техника мен көктайғаққа қарсы материалдардың тапшылығын анықтады. Бұл жолдарды күтіп ұстау сапасына тікелей әсер етеді, деп жазады Qazaqstan Media.

Ауа температурасының күрт өзгеруі мен қардың түсуі кезіндегі бұл жағдай өңірдің республикалық жолдарындағы жол қозғалысын қиындатып, жолаушыларға тікелей қауіп төндірді.

«Прокуратураның  қадағалау актілерінің бірі бойынша лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 11 қызметкермен және «Қажсервис» ЖШС облыстық филиалының директорымен еңбек шарттары бұзылды. Тағы біреуі бойынша – қызмет көрсететін мердігерлерге 1,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды», – деді бас көлік прокуратурасы.

Сонымен қатар көлік прокурорларының араласуынан кейін «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ алдағы уақытта қосымша 245 жол техникасын сатып алмақ. Кейін олар өңірлерге таратылады. 

Тағы оқыңыз: Президент боранда халыққа көмектескен жандарға алғыс айтты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x