СҚО-да жемқорлардан тәркіленген ақшаға мектеп салынып жатыр

Елімізде жемқорлардан тәркіленген ақшаға 20 мектеп салынады. Оның біреуі Солтүстік Қазақстан облысында бой көтереді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынатын білім беру нысандарының тізімі ведомствоның сайтында жарияланған. Оған мыналар кіреді: апатты мектептерді ауыстыратын 2740 оқушыға арналған бес мектеп құрылысы (екі ауысымда);  үш ауысымда оқытуды жою үшін 1200 орындық бір мектептің құрылысы (екі ауысымда);  оқушы орынының тапшылығын жою үшін 8976 оқушыға арналған 11 мектептің құрылысы (екі ауысымда);  тозығы жеткен мектепті ауыстыратын 200 орындық бір мектептің құрылысы (екі ауысымда); екі мектепке қосымша корпустар салу (мәжіліс және спорт залдары, асханалар).

Шымкент қаласында, Жетісу және Қызылорда облыстарында үш мектептен, Жамбыл облысында төрт мектеп, Астана қаласы мен Алматы облысында екі мектептен, БҚО, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бір мектептен салынады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан 96 млрд теңгеге 76 738 оқушыға арналған 62 жоба қаржыландырылған болатын.

«Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылы Тайынша қаласында жемқорлардан алынған ақшаға білім ордасы салынған болатын. Қазір Петропавлда «Береке» ықшам ауданында түзету мектеп-интернатының құрылысы жүріп жатыр», – деді СҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл 50-ге жуық білім ордасы жөнделмек

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x