СҚО-да биыл 50-ге жуық білім ордасы жөнделмек

Солтүстік Қазақстан облысында биыл 48 білім нысаны күрделі жөндеуден өтеді. Төрт ауданда спорт кешені мен жабық жүзу бассейінін ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы өңір жетекшісі Ғауез Торсанұлы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыс орталығындағы спорт және білім нысандарының жұмысын тексерген Ғауез Нұрмұхамбетов алдағы жоспармен бөлісті.

«Біздің міндетіміз – облыстың спорттық әлеуетін дамыту. Осы мақсатта биыл аудандарда төрт спорт кешені мен жабық жүзу бассейнін ашу жоспарлануда. Сондай-ақ Петропавлда үстел теннисі орталығы мен спорт-сауықтыру кешенін саламыз», – деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.

Өңір жетекшісі К.Сафин атындағы бокс мектебіне де барды. Мұнда қазір 372 тәрбиеленуші жаттығады. Жас боксшылар түрлі жарыстарда өздерін көрсетіп үлгерді. Ал велоспорттан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 240 бала айналысады. Өткен жылы жігіттер Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

СҚО әкімі «Алтын бесік» бөбекжай-балабақшасы мен Ұлттық жаңғыру мектеп-кешенінде, Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде де болды. Мұнда студенттер зертханаларда практикалық дағдыларды игеріп, сұранысқа ие мамандықтар алуда.

«Білім саласында да оң өзгерістер болады. Биыл облыста 48 білім нысаны күрделі жөндеуден өтеді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 4 мектеп салынса, оның екеуі «Орман» және «Береке» шағын аудандарында тұрғызылуда. Облыс орталығында түзету мектеп-интернаты мен 2 балабақша салынуда», – деп атап өтті Ғауез Нұрмұхамбетов.

Тағы оқыңыз: СҚО-ға қасқыр келді ма?

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x