СҚО-ға қасқыр келді ма?

Солтүстік Қазақстан облысының ауылдарын еліктермен бірге қабандар да аралап жүр. Әлемуеттік желіде Шал ақын ауданы Балуан ауылында бір топ қабан жүрген бейне жазба тарады. Тіпті, кейбір адамдар, өңірде қасқыр бар деген ақпаратты таратып жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО-да соңғы уақытта әлеуметтік желіде «қасқыр көрдік, қасқыр аттық» деген жазбалар көбейді.

«Былтыр ақпан-наурыз айларында жабайы жануарлардың есебін жүргіздік. Қасқыр тіркелмеді. Бірақ біз қасқыр бар басқа облыстармен шекаралас жатырмыз, сондықтан олардың пайда болуы мүмкін. Ормандарда қасқырларға қорек жеткілікті, сондықтан олардан адамдарға келер қауіп шамалы», — дейді СҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім жетекшісі Олег Беспалов.

Ал еліктердің елді мекендерге кіруі біздің облыс үшін айтарлықтай ерекше құбылыс. Көрші Ақмола облысында да, Ресей Федерациясында да мұндай фактілер кездеседі. Оны мамандар қолайсыз ауа райымен байланыстырып отыр.

«Қыста жануарларға өздігінен қорек табу қиындаса азық іздеп кетеді. Ресейдің еліктері мұндайда бізге ауады. Ал жолда елді мекендерге де кіреді. Біздің қызметтер биылғы қыста тек Петропавлдан ғана 20-дан астам елікті ұстап, өмір сүретін табиғи ортасына жіберді», — дейді Олег Беспалов.

Қабандар бойынша да осындай жағдай екен. Қар қалың, жемазық табу қиындаған.

«Әлеуметтік желіде тараған соңғы роликке қарайтын болсақ, бұл ауыл аз қоныстанған, санаулы үй ғана қалған. Сондықтан түз тағылары ешқандай қорқынышсыз ауылды басып өтеді. Адамдардан қорықпайды деп жатады. Әрине, қорықпайды, өйткені олар адаммен бірінші рет кездесіп тұр, одан келер қауіпті білмейді. Ал қабандарға жақындаудың қажеті жоқ. Олар агрессивті жануарлар қатарында. Сондай-ақ оларды атуға, аулауға тыйым салынғанын ескертемін, қылмыстық жауапкершілік бар. 1,3 млн теңге мөлшерінде шығынның орнын толтырады», -деді маман.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жүкті әйел қызылша жұқтырған

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x