Облыстық жедел медициналық көмек орталығы 2025 жылы жаңа ғимаратқа көшіріледі. Мекеме қазіргі перинаталдық орталық ғимаратында орналасатын болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі

Облыстық жедел медициналық көмек орталығының қазіргі мекемесі 1905 жылы салынған. Нысан әбденескірген әрі аумағы тар. Сондықтан көліктердің тең жартысы аптап ыстық пен үскірік аязда далада тұрады. Қызметкерлердің де дайындығын пысықтайтын арнайы бөлмесі жоқ.  

«Қазіргі уақытта біздегі 25 көліктің тек 13-і арнайы тұрақта тұрады. Ал қалғаны далада. Өткенде қатты аяздар болғанда оларды 24 сағат бойы қыздыру қажет болды. Өйткені арнайы техника дизельдік отынмен жүреді. Қызметкерлер де дайындығын шыңдау үшін үнемі жаттығу жұмыстарын жасайды. Оған да арнайы орын жоқ. Сондықтан біз басқа ғимаратты жалға алып отырмыз», – дейді облыстық жедел медициналық орталықтың директоры Юрий Белоног.

Осыдан біраз уақыт бұрын аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов орталықта болып медициналық мекемені басқа ғимаратқа ауыстыру керек екенін айтқан болатын. Өңір жетекшісінің тапсырмасына сай жедел жәрдем орталығы келесі жылы қазіргіперинаталдық орталық ғимаратына көшірілмек.

«Біз бірнеше рет әкімдіктен заман талабына сай жұмыс істеу үшін жаңа ғимарат сұраған болатынбыз. Бізге бірнеше ғимарат ұсынылды. Бірақ таңдауперинаталдық орталыққа түсті. Өйткені, орналасқан жері ыңғайлы. Аумағы да кең. Онда жедел жәрдемкөліктеріне арналған бокстарды да салуға болады. Келесі жылы жаңа ғимаратта жұмыс істейміз депүміттенеміз», – дейді облыстық жедел медициналықорталықтың директоры Юрий Белоног.

Ал перинаталдық орталық жаңадан салынып жатқан көпбейінді ауруханада орналасатын болады. Нысан 2025 жылы пайдалануға берілмек.

Тағы оқыңыз:Жамбыл ауданына жаңа прокурор тағайындалды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x