СҚО-да жазда тапсырылуы тиіс медициналық мекемелердің құрылысы әлі аяқталмаған

СҚО-да 2024 жылдың соңына дейін 46 медициналық мекеме салу жоспарланған. Солардың 8-і биыл тапсырылуы тиіс. Алайда құрылыс жұмыстары тым ұзаққа созылып кеткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Денсаулық сақтау саласындағы құрылыс туралы басқарма жетекшісі Құмар Күсемісов облыстық әкімдікте өткен жиында баяндады. Айтуынша, бүгінгі таңда 8 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде М. Жұмабаев ауданы Возвышенка ауылындағы мекеменің 68%-ы салынған. Қарақоғада 72%-ға жұмыстар аяқталды. Прибрежное, Якорь ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториядағы шаруаның басым бөлігі атқарылған. Бірақ жұмыстар кестеден кешігіп жатқан көрінеді.

СҚО-да жазда тапсырылуы тиіс медициналық мекемелердің құрылысы әлі аяқталмаған СҚО-да жазда тапсырылуы тиіс медициналық мекемелердің құрылысы әлі аяқталмаған

«Ғ. Мүсірепов ауданының Тахтаброд және Привольное ауылдарындағы нысандар кестеден мүлдем кешігіп жатыр. «Береке» шағын ауданында салынып жатқан емхана құрылысы да әлі күнге аяқталар емес. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында 480 жатын орынға арналған көп бейінді облыстық аурухананың құрылысы жалғасуда. Жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуге дайындық жүргізіліп жатыр», – деді СҚО денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі.

Құрылысты уақытылы аяқтай алмай жатқан аудан әкімдері жиын барысында біраз ақталды. Бірақ облыс әкімі мұндай жағдай бақылдаудың жоқтығынан туындап отыр деді.

СҚО-да жазда тапсырылуы тиіс медициналық мекемелердің құрылысы әлі аяқталмаған
СҚО-да жазда тапсырылуы тиіс медициналық мекемелердің құрылысы әлі аяқталмаған

«Күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан нысандардың да кейбірі уақытылы тапсырылмайды. Өйткені, бақылау жоқ. Ешкім мердігерлерді қадағаламайды. Сосын осындай жағдай туындап отыр. Құрылыс компаниясы кестеден бір күнге кешіксе де, бірден шара қолдану керек. Нысанның тапсырылуын күтпей бірден келісімшартты бұзып, басқа мердігерлер іздеу керек. Ауылдарда емдеу мекемелері болуы үшін бюджеттен қаражат берілді. Бірақ кейбіріңіз бөлінген ақшаның өзін іске жарата алмай отырсыздар», – деп түйіндеді өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұханбетов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да әкімдік қызметкерлері 1 млрд теңгеге ғимаратты негізсіз сатып алмақ болған

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x