Облыстық және қалалық әкімдік мамандары бюджет қаражатын оңды-солды шашып, негізсіз сатып алу жұмыстарын жүргізген. Олардың бұл әрекетін облыс прокурорлары бюджеттік қаражатты жұмсау саласында талдау жүргізу барысында әшкереледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қалалық құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғалары 2,5 млрд теңгеге көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алуларды жер учаскесіне құқықты анықтайтын құжаттарсыз жүргізген.

Ал облыстық әкімдіктің қызметкерлері ҚР Бюджеттік кодексінің талаптарына қарамастан ешқандай негізсіз ғимарат сатып алу үшін бюджеттен 1,1 млрд. теңге бөлген. Сонымен қатар «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңның талаптарын бұза отыра, осы бюджет қаражатына әлеуетті жеткізушілер үшін негізсіз шектеулермен ашық конкурс арқылы сатып алуды жүргізген. Қадағалаушы органның актілері бойынша жоғарыда аталған сатып алулар бұзылды. Жергілікті атқарушы органдардың кінәлі лауазымды тұлғалары әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.  

«Аталған салада жыл басынан бері қадағалау органының актілері бойынша 59 лауазымды тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды. 19 мемлекеттік сатып алу бұзылды. 4,3 млрд. теңге бюджет қаражаты үнемделді», деп жазылған Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл туберкулез жұқтырғандар саны артқан

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x