Жыл басынан бері СҚО-да 175 адам туберкулез жұқтырған. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңірде құрт ауруына шалдыққандардың қатары 14,3 % өскен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Аудандар бойынша тоқталсақ, Тимирязев ауданында 12 жағдай тіркелді. Былтыр бірде бір жағдай анықталмапты. М. Жұмабаев ауданында 14 адамнан ауру анықталған. Шал ақын ауданында -7, Жамбыл ауданында -10, Мамлют ауданында – 5 тұрғын есепке алынды. Петропавлда 3 адамның ауруы асқынған.
Облыс бойынша 17 жасқа дейінгі балалар арасында 10 баладан туберкулез таяқшалары табылды.
Құрт ауруынан осы күнге дейін 13 жерлесіміз көз жұмған.
9 айдың қорытындысы бойынша облыста 61 азамат туберкулезді қайта жұқтырған. Әсіресе, Айыртау мен Уәлиханов аудандарында рецидив жағдайы көп тіркеліпті.

Тағы оқыңыз: Петропавлда электр желісіне қосыла алмай отырған кәсіпкерге прокурорлар көмектескен

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x