[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/51e77f51-1e8b-4038-a0ee-cc6dfb9a2451.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Петропавлдағы Жұмысшы кентінің шетінде скотчпен оралған қара кенеп қапшық табылды. ҰҚК және ҚАЖ департаментінің мамандары анықтаған дүниенің ішінде шолақ аңшы мылтығы, болжам бойынша «Байкал» маркалы тапанша, белгісіз маркалы револьвер, РГД-5 гранатасының муляжі болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұдан басқа, тегіс ұңғылы және иір ойықты қарудың оқ-дәрілері табылған: 7,62 мм 30 патрон, 16-шы калибрлі 53 патрон, 12-ші калибрлі 2 патрон, 5,6 мм 6 патрон, 9 мм 145 патрон.

«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қару мен оқ-дәрілер тәркіленіп алынды. Олар сот-баллистикалық сараптамасына жіберіліп, атуға жарымдылығы және қылмыс жасауға қатысы бар-жоғы тексеріледі», – деп жариялады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазір қару мен оқ-дәрілерді заңсыз пайдаланған адам іздестірілуде. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, табылған жанға ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мерзімге айыппұл салынып, 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық кәсіпкерлерге қамыс ору міндеті артылды

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x