СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан ерлі-зайыпты қаза тапты

Солтүстік Қазақстанда жол апатынан ерлі-зайыптылар қайтыс болды. Ал балалары ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жантүршігерлік жол апаты 27 желтоқсан күні «Жезқазған-Петропавл» тас жолының 886 шақырымында болған. Сергеевка қаласынан облыс орталығына қарай бет алған «Mercedes-Benz» автокөлігінің 27 жасар жүргізушісі рөлге ие бола алмай «КамАЗ» маркалы жүк көлігіне соғылған.

СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан ерлі-зайыпты қаза тапты
СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан ерлі-зайыпты қаза тапты

Салдарынан жеңіл көлікте болған 4 адам ауруханаға жеткізілді. Алайда жүргізуші мен қасында отырған жұбайы ес жимастан көз жұмған. Ал екі бала ауруханада жатыр.

«Бұл факт ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптама тағайындалды, анықтау жүріп жатыр», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Нумеролог пен астрологтар жаңа — 2024 жылға қатысты болжам жасады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x