Нумеролог пен астрологтар жаңа — 2024 жылға қатысты болжам жасады

Табалдырықтан аттағалы тұрған Ұлу жылынан не күтеміз? Жаңа жылға қатысты астролог пен нумерлогтар не дейді? Сала мамандарының пікірін КТК телеарнасы жариялады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

 

Халқымыз бұрыннан Ұлу жылы астық пен шөп мол болады деп жорамалдаған. Ұлу суда жүретін болғандықтан, құрғақшылық қаупі жоқ. Жыл тыныштықпен, береке-молшылықпен өткен. Белгілі астролог Болат Бопайдың да пікірі осыған саяды.

«Келер жылымыз халқымызға молшылық, жақсылық, бейбітшілік, тоқшылық әкеледі. Ауа райы жөнінен алып айтқанда, ұлу дымқыл жерде өмір сүреді. Сондықтан жазда жаңбырлы, егін бітік, шөп шүйгін шығады деп қаралады. Сондықтан бұл келетін жылды бүкіл әлемге, халқымызға жақсылық жыл деп есептеймін», – деді астролог Болат Бопай.

Бейбіт өмірді сүйетін, жаны тыныштықты қалайтын, ақылды да зерек адамдар осы жылы туады деседі. Көпшілік аузынан тастамайтын нумерологияның дегеніне сенсек әрбір санның өзіндік мәні мен қуаты бар. Келер жылдың сандарын бір-біріне қоссақ 8 шығады. Ал бұл сан нумерология бойынша жетістік пен молшылықтың символы екен.

«2024 жыл табысты жыл. Кейбір адамға осындай төмен жыл деп саналады. Бірақ та төмен жыл болмау үшін өте маңызды жылдың басынан бастап біреуге көмектесіп, кешірім сұрап, кешірімді болу керек. Барлық құжатқа тиянақты болу керек. Өйткені 2024 жыл 0439, яғни шашыраңқы адамдарды ұнатпайды. 2024 жылы өте тиянақты болу керек», – деді нумеролог Әдемі Мәуленова.

Тағы оқыңыз: Азамат Бектасов Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x