1 шілдеде, Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енген күні, Солтүстік Қазақстан облысында 12 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жаңа Конституция күшіне енген тарихи күні туған сәбилердің өмір жолы ел дамуының жаңа кезеңімен тұспа-тұс басталды. Бұл күн жүздеген қазақстандық отбасы үшін мемлекет тарихымен қатар өз әулеттерінің де айтулы күніне айналды.
Солтүстік Қазақстан облысында тарихи маңызды күні 12 нәресте дүние есігін ашқан. Олардың жетеуі – ұл, бесеуі – қыз.
Жалпы еліміз бойынша бұл күні 857 сәби өмір есігін ашты. Оның ішінде 435 ұл және 422 қыз дүниеге келген. Сондай-ақ Атырау және Алматы облыстарында екі егіз дүниеге келді.
Тағы оқыңыз: Петропавл әкімінің бұрынғы орынбасары «Әділет» партиясының СҚО филиалын басқарды

