СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды

Солтүстік Қазақстанда Toyota Hiace пен MAN жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жол апаты 17 тамыз сағат 21:45 шамасында Астана — Петропавл автожолының 431-шақырымында орын алды. Аралағаш ауылының маңында Toyota Hiace пен жартылай тіркемесі бар MAN жүк көлігі соқтығысып, отқа оранған. Салдарынан Toyota автокөлігінің 52 жастағы жүргізушісі мен 54 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Ал, жүк көлігін тізгіндеген 43 жастағы азамат әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандар Астана қаласының тұрғындары болып шықты.

СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды
СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды
СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды
СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды

«Аталған факті ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша СДТБТ-да тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жайды зерделеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады», – делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тағы оқыңыз: 1 қыркүйекте шәкіртақы қаншаға өседі – Үкімет қаулысы шықты

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x