1 қыркүйекте шәкіртақы қаншаға өседі – Үкімет қаулысы шықты

1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері артады. Тиісті тапсырманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген болатын, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Атап айтқанда,

– Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%,

– Магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%,

– Техникалық және кәсіптік білім студенттерінің шәкіртақысы 50% арттырылды.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды.

Қаулыда белгіленген шәкіртақы мөлшері төмендегідей:

– докторанттарға (оның ішінде «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша) – 217 500 теңге;

– даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге;

– магистранттарға – 97 024 теңге;

– интерндерге – 75 890 теңге;

– жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық және «Денсаулық сақтау» бағыттары бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;

– даярлаудың педагогикалық бағыттары және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41 898 теңге;

– техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 теңге;

– техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 31 422 теңге.

Қаулы 2023 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енеді.

Айта кетейік, сонымен қатар Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында келесі айдан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің жалақысы 30 пайызға өсетін болады.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтарға көлік нөмірлерін онлайн беруге рұқсат етілмек

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x