Өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 4 мектептің құрылысы басталады. 3300 орынға шақталған оқу ордалары Петропавл қаласында тұрғызылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Президенттің тапсырмасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Петропавлда биыл 2 мектептің құрылысы басталады. Копай шағынауданында 1200, ал Орман шағын ауданында 600 балаға шақталған оқу ордаларының негізі қаланбақ. Қалған екі білім ошағы 2024 жылы Жас өркен және Береке аудандарында бой көтереді. Алғашқысы – 900, ал екіншісі – 600 орынға шақталған. Жалпы аталған бағдарлама болйынша елімізде 842 мың оқушыға шақталған және қажетті жабдықтармен толық қамтылған 400-ге жуық мектеп салу жоспарлануда. Бұл оқу орындары қала мен ауылдағы білім беру сапасын біртіндеп теңестіре келе, қазақстандық білім беру саласын жаңа деңгейге көтереді.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x