СҚО-да жаңажылдық шырша жанып кетті

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының орталығында екі күн бұрын ғана орнатылған жаңажылдық шырша отқа оранды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Төтенше жағдай Бескөл ауылында болған. Кешкі сағат 18:40-та құтқару қызметіне орталық алаңда орнатылған шыршаның отқа оранғаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына екі көлікпен 6 өрт сөндіруші барды. Алайда олар жеткенде шыршаның күлі ғана қалған.

«От ТЖД қызметкерлері жеткенше сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрт сымдардың қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін», – дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да қатты боран соғып, мектеп пен балабақшаның шатырын ұшырып әкеткен

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x