СҚО-да қатты боран соғып, мектеп пен балабақшаның шатырын ұшырып әкеткен

Желтоқсанның 26-сы күні болған дүлей дауыл мен қатты бораннан Шал ақын ауданындағы мектеп-гимназия мен балабқашаның шатыры зақымдалды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қатты соққан боран Сергеевка қаласы Победа көшесінде орналақсан мектеп-гимназияның шатырын зақымдаған. 54 шаршы метр алаңдағы профиль жабындысы желмен ұшып кеткен.

Сонымен қатар дәл осы Сергеевка қаласында «Бөбек» балабақшасының шатыры бүлінді. Екпіні 30 м/с дейін жеткен жел 280 шаршы метр аумақтағы шатырды жұлып алып кеткен. 

«Балабақшадағы балаларды ТЖ бөлімдері мен жергілікті атқарушы органдар автобуспен үйді-үйге жеткізді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», – делінген СҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жалпы 26 желтоқсан күні 112 телефонына 1500-ден астам қоңырау келіп түскен.

Тағы оқыңыз: СҚО-да боранның салдарынан әлі 92 ауыл жарықсыз отыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x