СҚО-да заңсыз темекі және алкоголь өнімдерін сатқандар ұсталды

Петропавлдық кәсіпкерлер темекі және алкоголь өнімдерін заңсыз саудалап келген. Олардың бірінен акциздік төлемсіз астыртын сатуға арналған 3 млн. теңгенің тауары тәркіленді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңсыз сауда Астана көшесінің бойында қызған. Мұнда акцизделмеген алкоголь және темекі өнімдерін сатумен айналысқан екі бірдей нүкте анықталды.

«Сауда нүктелерінен құрамында спирт бар 285 литр сұйықтық пен әр түрлі атаулары бар 1805 темекі қорабы тәркіленді. Кейін осы сауда орындарының қоймаларын тексеру кезінде жедел уәкілдер тағы 7921 қорап темекіні анықтады» – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осылайша, кәсіпкерлерден құрамында спирт бар 285 литр сұйықтық пен 9716 қорап темекі өнімі тәркіленген. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 463-бабы «Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру» бойынша әкімшілік материал жиналды.

Тағы оқыңыз: Балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай базасы құрылады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x