Балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай базасы құрылады

Мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлуде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жыл соңына дейін балабақшаға кезекке қоюдың бірыңғай деректер базасы жасалады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.  

«Отбасылардың өмірлік түрлі жағдайларына байланысты ата-аналардың мектепке дейінгі ұйымды таңдауының жаңа жолдары қарастырылып жатыр. Балаларға тең жағдай жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз етудегі тағы бір маңызды мәселе – халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларын тегін тамақтандыру болып табылады», – деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ министр атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын аз қамтылған отбасылардан шыққан 97 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтылады.

Елімізде 2-6 жас аралығындағы балалардың 89,1 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 175 адам алимент төлеуден жалтарып жүр

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x