СҚО-да учаскелік полицейлер 1000-ға жуық қылмысты ашуға көмектесті

СҚО-да учаскелік полиция инспекторлары 2023 жылы 985 қылмысты ашуға көмектесті. Оның 403-і ұрлық, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірде 244 учаскелік полиция инспекторы мен олардың 50 көмекшісі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде. Негізгі міндеттері – қылмыстың алдын алу және құқықтық тәртіпті сақтау.

Бүгінде солтүстікқазақстандық полицияда профилактикалық есепте 1051 адам тұр. Бірақ кейбірі үшін бұл кедергі емес екен. Бір жыл ішінде учаскелік инспекторлар облыстың 42 тұрғынына қатысты материалдар жинады, олар шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың талаптарын қасақана бұзған. Барлығы жазаларының қалған бөлігін өтеу үшін бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды.

Былтыр солтүстікқазақстандық учаскелік инспекторлар 985 қылмысты ашуға септесті. Оның 403-і ұрлық, 9 тонау дерегі, көлікті айдап әкетудің 17, денсаулыққа қасақана зиян келтірудің 73 фактісі бар. Қылмыстардың басым бөлігі спирттік ішімдіктер ішу салдарынан жасалады екен.

«2023 жылы учаскелік инспекторлар өңірде құрамында спирт бар 12154 литр өнім тәркіледі, маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге 219 адамды жіберді. Өткен жылы Тайынша ауданының учаскелік полиция инспекторлары ерекшеленді. Олар 80 қылмысты ашуға көмектесті. Басқа да аудандар белсенділік танытты. Қызылжар ауданының учаскелік иснпекторлары – 76, ал Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның тәртіп сақшылары 72 қылмысты ашуға көмектесті», – дейді СҚО ПД ЖПҚБ  бастығының орынбасары Александр Розбах.

Тағы оқыңыз: Петропавлда дәрігерлерге шабуыл жасап, кейін бір адамды пышақтап кеткен жасөспірімдердің соты басталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x