СҚО-да тоғыз күнде 10 өрт оқиғасы тіркелді

Жыл басынан бері облыс аумағында 10 өрт оқиғасы тіркелді. Бір ғана Мамлют ауданында 2 рет газ баллоны жарылып, 7 адам зардап шекті. Олардың біреуі кішкентай бала, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жалпы мамандардың сөзінше, өткен жылы Мамлют ауданында өрт шығу фактісі 25 пайызға өскен. Бұл бұрынғы статистикамен салыстырғанда едәуір көп. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында мамандар сақтық шараларын қатаң ұстануға кеңес береді. Заң талаптарына сай 2 қабаттан жоғары тұрғын үйде газ баллонын қолдануға тыйым салынады. Ережеге бағынбаған азаматтарға 7 АЕК көлемінде айыппұл салынады екен.

«Меңгесер ауылында болған жарылыстан зардап шеккен 5 адам Мамлютка және Петропавл қалаларында ем алып жатыр. Жағдайлары тұрақты. Ал Бексейіт ауылында зардап шеккен 2002 жылғы бала үйіне жіберілді. Осы төтенше жағдайлардан кейін ауыл тұрғындарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді», – деді Мамлют ауданы ТЖ бөлімінің басшысы Амир Бекчентаев.

Тағы оқыңыз:Бексейіт ауылында газ баллоны жарылып, екі адамды күйік шалды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x