СҚО-да төрт жол учаскесі әлі де жабық

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан төрт жол учаскесінде әлі де жол қозғалысы шектеулі болып отыр. Оның ішінде үшеуінен су кеткен жоқ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазіргі кезде Жезқазған-Петропавл тас жолында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгіндері Есіл ауданы Покровка ауылы маңындағы жолдың 84 метріне қиыршық тас төселіп, 15 мың тонна материал жеткізілді. 14 техника жұмылдырылған.

«Қазірдің өзінде облыс жолдарының үш учаскесінде су тұр. Ол Ойқала мен Заречный кенті жағынан қалаға кіретін жол және Соколовка ауылы маңындағы республикалық маңызы бар жол учаскесі. Бұл аумақтарда судың ені 2000 метр, тереңдігі 210 см-ге дейін жетеді. Жалпы бүгіндері өңірде төрт жол учаскесінде жол қозғалысы шектелген. Су тасқыны салдарын жою жұмыстарына «ҚАЖСервис» СҚОФ  жеке құрамының 54 маманы мен 42 техникасы жұмылдырылған», – деп хабарлады «Қазавтожол» ҰК» АҚ мамандары. 

Тағы оқыңыз: Қазақстанда жаңа жол белгілері енгізіледі

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x