Темекі шегіп, ұйықтап кеткен: Петропавлда ер адам өрттен қаза тапты

Петропавлда жеке тұрғын үйден өрт шығып, бір адам ауруханаға жеткізілді. Оның денесінің 40 пайызын күйік шалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 26 сәуір күні түнгі 11-лер шамасында Солнечный шағын ауданында болған. Жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 60 жастағы ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

«1964 жылы туған ер адамның жағдайы ауыр. Оның денесінің 30-40% күйік шалған. Сондай-ақ ол иіс тиіп уланған», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт жатын бөлмеде шыққан. От 16 шаршы метр аумақты шарпыды. Барлық жиһаздар өртеніп кеткен. Баспанадан 3 газ баллоны шығарылды.

«Қызыл жалынды ауыздықтауға 17 адам мен 4 техника жұмылдырылған. Өрттің шығуына темекі шегу кезіндегі абайсыздық пен немқұрайлық себеп болған», – деп толықтырды ведомстводағылар.

Өрттен зардап шеккен үй иесі бір тәуліктен соң ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да төрт жол учаскесі әлі де жабық

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x