СҚО-да Наурыз мейрамын тойлауға келгендерді этноауыл тұрғындары қарсы алды

Наурыз мейрамына орай Петропавлдың орталығында этноауыл құрылып, мұнда оңтүстіктен қоныс аударған ағайын мен қандастар солтүстікқазақстандықтарға дастархан жайып, спорттық жарыстар ұйымдастырған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлдағы Тәуелсіздік стелласының маңы кәдімгі бір қазақтың ауылына айналды. Мұнда бірнеше киіз үй тігіліп, онда тұрғындарға арнап дастархан жайылған.

СҚО-да Наурыз мейрамын тойлауға келгендерді  этноауыл тұрғындары қарсы алды СҚО-да Наурыз мейрамын тойлауға келгендерді  этноауыл тұрғындары қарсы алды

«Дастарханға ақтан жасалған қазақтың ұлттық тағамдарын қойдық. Мұнда жент, ірімшіктің бірнеше түрі, құрт, май қойдық. Бұл тағамдардың адам денсаулығына пайдасы мол. Бұдан өзге тағы ет, бауырсақ дайындап алып келдік. Жалпы, Қызылжар этноауылын «Тәуекел» және «Отандастар» қоғамдық бірлестіктері мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, яғни үш ұйым бірлесіп құрып отырмыз. Бұл этноауылдың мақсаты – қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық құндылықтарын қайтадан жаңғырту. Осы жерге тіпті малдың да түр-түрін алып келдік. Мұнда қой, сиыр, түйе, жылқы бар. Тіпті, бүркітшілер мен қазақтың тазысы да бар. Яғни, біз қазақ ауылының болмысын көрсеткіміз келді. Қаланың балаларына қызық. Олар жануарлармен суретке түсіп жатыр», – деді «Отандастар» ҚБ сарапшысы Жазира Көкбас.

СҚО-да Наурыз мейрамын тойлауға келгендерді  этноауыл тұрғындары қарсы алды СҚО-да Наурыз мейрамын тойлауға келгендерді  этноауыл тұрғындары қарсы алды

Сондай-ақ этноауылға келгендер спорттық ойындарға қатысып, қой ұтып алуға мүмкіндік алды. Білекті де жүректілер өздерінің мықтылықтарын сынға салып, гір, қой көтеруден сынға түсті.

Бұдан бөлек, этноауыл қонақтары кілем тоқуды үйренді.

«Біз отбасымызбен 3 жыл бұрын Ираннан көшіп келген болатынбыз. Ол жақта кілем тоқумен айналыстық. Петропавлға келгелі ісімізді тоқтатқан емеспіз. Енді бүгін өз білгенімізді жұртшылыққа үйретіп жатырмыз. Қызығушылық танытып жатқандар бар. Жалпы, кілем тоқу көпшілік ойлағандай аса қиын емес. Ең бастысы, ниет етсеңіз болғаны», – дейді қолөнер шебері Мәриям Қазақ.

Тағы оқыңыз: «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» көрмесі Қытайға аттанады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x