Петропавлда Наурыз мейрамын тойлауға келгендер қазақтың ұлттық әшекей бұйымдарын жасап үйренді

Петропавлда Наурыз мейрамын тойлауға келгендер ерекше шараға қатысып, үйлеріне өз қолдарымен жасаған әшекей бұйымдарын алып қайтты. Шеберлік сағатына Qazaqstan Media тілшісі де қатысты.

Петропавлда Наурыз мейрамы өтіп жатқан басты алаңдағы киіз үйлердің бірінің кіреберісінде қыз-келіншектер көп шоғырланған. Олар қазақтың ұлттық бұйымдарын жасауға арналған шеберлік сағатына қатысуға келген екен.

Петропавлда Наурыз мейрамын тойлауға келгендер қазақтың ұлттық әшекей бұйымдарын жасап үйренді

«Біз бүгін мерекеге орай қолөнерден шеберлік сағатын өткізіп жатырмыз. Қала тұрғындары тақия, сырға, алқаны өз қолдарымен жасап, үйлеріне алып кете алады. Ол үшін барлық құрал-жабдықтар мен қажетті заттарды береміз. Көпшілік қазақтың әшекей бұйымдарын жасау қиын деп ойлайды. Олай емес. Бүгін соны дәлелдемекпіз. Жалпы, қазақтың оюларын, әшекейлерін  жасау ұсақ моториканы дамытады. Бүгінгі шарамызға  үлкені де кішісіде қатысып, ерекше қызығушылық танытуда», – деді Петропавл қалалық  жастар ресурстық орталығының маманы Жұлдыз Тохтарғазы.

Қаламызға қонаққа келген астаналық Сәния Аяғанова шеберлік сағатына қатысып, анасына сырға жасап жатыр. 25 жастағы қыздың айтуынша, ол мұндай шараға алғаш рет қатысуда.

Дегенмен, әшекейлік бұйымды жасау көп уақыт алмады. Сәния жарты сағаттың ішінде сырғаны жасап, анасының құлағына тағып берді.

«Осындай нәрселерді жасауға бұрыннан қызығатынмын. Бірақ неден бастау керек екендігін білмейтін едім. Бүгін міне, барлығын үйретіп, түсіндірді. Қажетті заттарды берді. Сондықтан аса қиын да болған жоқ. Әдемі сырға жасап шығардым. Өзіме ұнады. Ең бастысы анамның көңілінен шықты», – дейді Астана қаласының тұрғыны Сәния Аяғанова.

Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары үшін көрме де ұйымдастырылған. Шеберлер түрлі бұйымдарын жасап, саудаға шығарған. Солардың бірі – Архат Жанмұқанов.

«Бүгінгі көрмеге 60-қа жуық астау алып келдім. Барлығын өзім жасаймын. Қасымда екі көмекшім бар. Олар көмектеседі. Астаудан бөлек дөңгелек үстел дайындаймыз. Барлығы қайыңнан жасалған», – дейді «Достық» ЖК жетекшісі Архат Жанмұқанов.

Бұдан бөлек, көрмеге әшекей бұйымдарының түр-түрі, бал өнімдері, көрпе-жастықтар және кәдесыйлар қойылған. Мұның барлығы жергілікті шеберлердің қолынан шыққан заттар.

Петропавлда Наурыз мейрамын тойлауға келгендер қазақтың ұлттық әшекей бұйымдарын жасап үйренді Петропавлда Наурыз мейрамын тойлауға келгендер қазақтың ұлттық әшекей бұйымдарын жасап үйренді

Тағы оқыңыз: СҚО-да Наурыз мейрамын тойлауға келгендерді этноауыл тұрғындары қарсы алды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x