СҚО-да мемлекеттік қызметкерлер 11 сатып алу конкурсын заңсыз өткізген

СҚО-да бірқатар шенеунік мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар үшін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олар конкурстарды заңсыз өткізіп, мемлекетке үш млрд теңгеден астам шығын келтірді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу саласында қадағалау органының актілері бойынша 3,3 миллиард теңгеге 11 заңсыз конкурс жойылып, 17 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде алтауы мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін жауапқа тартылған. Ал үшеуі жұмыстан босатылып, қалғаны қызметке толық сай емес деген ескерту алған.
Мысалы, Тимирязев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы заң талаптарын бұза отырып, орындалмаған жұмыс актілеріне қол қойған. Жеткізушіге тарату желілерін қайта құрудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, іс жүзінде орындалмаған жұмыс үшін сомасы 6, 7 миллион теңге төлеген.
Сонымен қатар, Тимирязев ауылдық округінің әкімі балалар спорт алаңын салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмысқа 19,9 миллион теңге сомасында ақы төлеген.
Аққайың ауданы Астрахан ауылдық округінің әкімі де алаң аумағын тегістеу, жоспарлау және дайындау жұмыстарына 1,3 миллион теңге төлеген.
Қазір жергілікті атқарушы органдар қаржылық заң бұзушылықтарды жою шараларын қабылдап жатыр.

Тағы оқыңыз: Петропавлда қаржы пирамидасын құрған экс-полицейлерге қатысты сот отырысы басталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x