Қазақстанда әкімдер электросамокаттардың жүрісін реттейді

Қазақстанда әкімдер жаңа өкілетке ие болады. Бұл туралы Сенат кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сенат кулуарында министрдің орынбасары мопедтер мен электрскутерлер мәселесі тоқталды.

«Қазір түзетулердің екінші пакеті жүріп жатыр, оны қабылдағаннан кейін шын мәнінде түбегейлі өзгерістер болады. Біріншіден, барлық мопедтер, қозғалтқыш көлеміне қарамастан, көлік құралына жатқызылады және оларды жүргізу үшін А1 санатындағы жүргізуші куәлігі қажет болады. Тиісінше, барлық мопедтті есепке алып, тіркейтін боламыз», – деді Игорь Лепеха.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде мопед жүргізушілері іс жүзінде ешқандай жауапкершілік көтермейді.

«Бұл пакетте тағы бір өте маңызды норма бар: әкімдердің самокаттар жүрісін реттеуге өкілеті болады, олар өздерінің қосымша ережелерін белгілей алады – қайда жүруге болады, қайда жүруге болмайды, олардың қозғалысына қай уақытта тыйым салу керек», – деп түсіндірді ол.

Тағы оқыңыз:СҚО-да мемлекеттік қызметкерлер 11 сатып алу конкурсын заңсыз өткізген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x